Ақордада өткен салтанатты рәсімде мәдениет және өнер саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградамен марапатталды. Олардың қатарында танымал актер Азат Сейітметов те бар, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесіне ұлттық мәдениет пен театр өнерінің дамуына қосқан зор үлесі үшін «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді.
Марапатты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде табыстады. Мемлекет басшысы өз сөзінде өнер адамдарының ел руханиятындағы орны ерекше екенін атап өтті.
Азат Сейітметов — қазақ театр және кино өнерінде өзіндік орны бар актерлердің бірі. Көпшілік оның бұл марапатын өнердегі ұзақ жылғы еңбегіне берілген жоғары баға деп қабылдады.
Әлеуметтік желі қолданушылары мен әріптестері актерді мәртебелі атағымен құттықтап, шығармашылық табыс тілеуде.