Контентке өту

«Бақыттың кілті»: Төреғали Төреәлінің қызының арманы жұртты елжіретті

«Бақыттың кілті»: Төреғали Төреәлінің қызының арманы жұртты елжіретті
ашық дерек

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялап, қызы Кәусардың жан сырын көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ол жаңа рубрика ашылғанын айтып, оның “Кәусардың күнделігінен: Бақыттың кілті” деп аталатынын хабарлаған. Рубрика әнші отбасының тұңғыш қызына арналмақ.

Кәусардың күнделігіне жазған армандары желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Ол бақыттың кілті денсаулық пен қарапайым өмір қуаныштарында екенін ерекше әсермен жеткізген.

“Мен үшін бақыттың кілті – 12 мүшемнің сау болуы, өз қолыммен тамақтану. Мама-папама көлік, үй алып беру, тұрмысқа шығу, өз үйімде тамақ жасау, өз үйімде демалып жату. Алладан осы нәрселерді сұраймын. Өз орнымнан тұрып кетсем екен, үлкен үйім болса екен, өзім айнаға қарап отырып боянсам екен. Күйеуге шығып, ата-енеме қызмет жасағым келеді. Балаларым жүгіріп жүрсе деймін”, – деп жазған Кәусар.

Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр. Көпшілік “Періштенің тілегі қабыл болсын”, “Өте әсерлі”, “Қолда бардың қадірін түсіндіретін жазба екен” деген пікірлер қалдырған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты