Контентке өту

«Басында есеппен үйленді, қазір жақсы көреді» деген пікірге не дейсіз?

«Басында есеппен үйленді, қазір жақсы көреді» деген пікірге не дейсіз?
ашық дерек

Актриса, продюсер, режиссер, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының және «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры актрисасы Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты бұрын көпшілік біле бермейтін жайттарды айтып берді. Бұл туралы ол сұхбат барысында мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі алдымен бір ғана баласы бар екеніне қатысты қоғам тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, мұндай сауалдар орынсыз әрі адамның жеке өміріне қол сұғу болып саналады.

«Маған неге бір баладан артық тумадың деп сұрақ қоятындарды қандай адам деп айтсам екен, оны надандық дейміз бе, білімсіздік дейміз бе, одан жоғарылатып айту қиын сияқты. Құдай солай берді, оған қарсы келе аламыз ба? Ұлымыз өсіп келе жатыр, оған шүкіршілік дейміз. Маған жақын адамдар жеке сұрақ қоймайды, бірақ алыстау адамдар мен туралы бәрін білгісі келеді», – деді актриса.

Сұхбат барысында Назгүл Қарабалина жұбайы Азаматмен таныстық кезеңін де еске алды. Оның айтуынша, алғаш болып сезім білдірген өзі болған.

«Шыны керек, академияда оқып жүргенде Азамат мені онша ұнатқан емес. Азаматқа алғаш ғашық болған мен болатынмын. Жасыратын ештеңесі жоқ. Азаматтың маған көңілі ауса екен, көрсе екен, байқаса екен деген сәттер болды. Тіпті оған альбом арнадым», – деді ол.

Актрисаның сөзінше, сол кезде болашақ жары басқа қызға көңіл бөліп жүрген. Соған қарамастан, ол күнделігіне Алладан екеуінің қосылуын тілеп жазбалар қалдырған. Кейін әлгі жазбаларды Азаматтың өзі оқып қалып, бұл олардың қарым-қатынасына әсер еткенін айтты.

«Ол тек есеппен үйленді. Менің сезімім шынайы болды. Басында есеппен үйленді, қазір енді жақсы көреді», – деді Назгүл Қарабалина.

Сонымен қатар актриса қайын атасы мен енесінің өзіне деген ықыласын ерекше бағалайтынын жеткізді.

«Азаматтың сезімінен ең қымбаты – менің атамның мені жақсы көргені. Қайын атам былтыр 90 жасқа келіп, өмірден өтті. Пешенеме сондай адамға келін болуды жазғанына шүкіршілік айтамын. Ол абыз адам еді. Азаматтың сүйіспеншілігінен де қымбаты – атамның, қазір қолымда отырған енемнің сүйіспеншілігі», – деді өнер иесі.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты