Контентке өту

Белгілі актер өзінен 19 жас кіші аруға үйленіп, ұлды болды

Белгілі актер өзінен 19 жас кіші аруға үйленіп, ұлды болды
ашық дерек

Қазақстандық көрерменге «25 теңге» және «Келінжан 2» телехикаялары арқылы танылған актер Нүркен Иманқұлов отбасында қуанышты жаңалық орын алды - ол ұлды болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұл туралы актер өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында бөлісіп, жаңа туған сәбиіне ерекше есім бергенін хабарлады. Нәрестеге Әбдез Алан Нұркенұлы деген есім қойылған.

Актер жазбасында «Алан» есімінің мағынасына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, бұл есім «жолбарыстың күшігі», «батыр», «қайратты», «жүректі», «қорғаушы» деген мағыналарды білдіреді. Сондай-ақ ол өміріндегі маңызды сәттерде жаңбыр жауатынын айтып, бұл күнді де жақсылықтың белгісіне балаған.

Желі қолданушылары мен әріптестері актерді қуанышымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.

Айта кетейік, бұл — актердің екінші отбасындағы тұңғышы. Алғашқы некесінен оның екі ұлы бар.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты