Әлеуметтік желіде «Бетперделі жігіт» атымен танылған қазақстандық блогер ауыр дертпен күресіп жүрген 20 жастағы Бибіжанға үлкен қолдау көрсетті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан бойжеткен ұзақ уақыттан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болып келген. Ата-анасынан айырылғаннан кейін жалдамалы пәтерде тұрып жүрген оның жеке баспанасы да болмаған.
Бибіжан әлеуметтік желідегі жазбасында өміріндегі қиын кезеңдер туралы айтып, өзін жалғыз сезінгенін жеткізген.
Дәрігерлер оған бүйрек трансплантациясы қажет екенін айтқан. Беларусьте жасалатын ота үшін шамамен 40 миллион теңге керек болған.
Көпшілікті тәнті еткен сәтте «Бетперделі жігіт» Бибіжанмен арнайы кездесіп, емге қажетті қаражаттың толық жиналғанын хабарлады. Сонымен қатар, бойжеткенге жаңа пәтердің кілтін табыстады.
Желі қолданушылары блогердің қайырымдылық ісіне ризашылығын білдіріп, оның әрекетін адамгершіліктің жарқын үлгісі деп бағалап жатыр.