Әлеуметтік желілерде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдоров бірге түскен фотолар кеңінен таралып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Желіде жарияланған кадрларда қос шахматшының бірге уақыт өткізіп жүргені байқалады. Кейбір суреттерде олардың жақын қарым-қатынаста екені де аңғарылады.
Осыдан кейін қолданушылар түрлі пікір білдіріп, көпшілік жас шахматшыларға бақыт тілеп, «той қашан?» деген сұрақтарды жиі қоя бастаған. Ал кейбір қазақстандықтар әзіл-шыны аралас «қызымызды өзбектер алып жатыр» деген пікірлер қалдыруда.
Әзірге Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдоров бұл қауесетке қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Дегенмен, олардың қарым-қатынасы әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын арттырып отыр.