Контентке өту

“Бір тиын табыс жоқ”: Роза Әлқожа ұйымдастырушыларға ренжіді

“Бір тиын табыс жоқ”: Роза Әлқожа ұйымдастырушыларға ренжіді
ашық дерек

Роза Әлқожа Шымкентте өткен жеке концертінен бір тиын пайда көрмегенін айтып, ұйымдастырушыларға өкпесін жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қазіргі таңда Роза Әлқожа Гуанчжоу қаласында жүр. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында концерттен кейінгі көңіл күйін ашық айтып, табыстың болмағанына ұйымдастырушыларды кінәлады.

“Аяқ астынан Гуанчжоуға кетіп қалғаным қандай жақсы болған. Қазір концерттің шығыны мен кірісін айтқан кезде күлкім келіп жатыр. Шымкенттегі концерттен бір тиын пайда жоқ”, – деді әнші.

Сонымен қатар, ол бұған дейін Қызылорда мен Ақтөбе қалаларында ұйымдастырылған концерттерден кейін де қаржылық қиындыққа тап болғанын айтты. Әншінің сөзінше, Дастан есімді ұйымдастырушы бірнеше жыл бұрынғы 3,5 миллион теңге қарызын әлі күнге дейін қайтармаған.

Өнер иесі концерттің барлық жауапкершілігі мен ауыртпалығы әншінің мойнында екенін атап өтті. Оның айтуынша, халық алдына шығып, концертті жүргізіп, ән айтып жүрген өзі болғанымен, негізгі пайданы ұйымдастырушылар көретін көрінеді.

“Салпақтап жүрген кім? Еңбегін төккен кім? Шаршап жүрген кім? Таңғаламын”, – деп ағынан жарылды әнші.

Сондай-ақ Роза Әлқожа осындай жағдайлардан кейін кейде концерт өткізгісі келмейтінін де жасырмады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты