Контентке өту

Блогер Жұлдыз Жауынбаеваға 10 тәулік қамау және 108 мың теңге айыппұл тағайындалды

Блогер Жұлдыз Жауынбаеваға 10 тәулік қамау және 108 мың теңге айыппұл тағайындалды
ашық дерек

Алматы қаласының тұрғыны, Instagram желісінде Juzzefina24 лақап атымен танымал, 600 мыңнан астам оқырманы бар блогер Жұлдыз Жауынбаева 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 108 125 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында блогердің өз әкесінің тарапынан зорлық-зомбылық көргені туралы айтқан бейнежазбасы анықталған. Сонымен қатар видеода қоғамдық тәртіпті бұзатын былапыт сөздер қолданылған.

Алайда тексеру барысында блогердің ата-анасы мұндай жағдайдың болмағанын айтып, жалған мәлімет таратқаны үшін құқық қорғау органдарына арыз түсірген.

Полиция жүргізген тексеріс нәтижесінде әкесі тарапынан зорлық-зомбылық жасалды деген ақпарат расталмаған.

Сондай-ақ бейнежазбаларда блогердің тыйым салынған заттарды қолданғаны байқалған. Медициналық куәландыру оның есірткі пайдаланғанын растаған.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары блогердің әрекеттерінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтады. Атап айтқанда, оған ұсақ бұзақылық және жалған ақпарат тарату бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен Жұлдыз Жауынбаева 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұдан бөлек, жалған ақпарат таратқаны және ресми ескертуді бұзғаны үшін оған 25 айлық есептік көрсеткіш (108 125 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, бұған дейін де блогер арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты