Контентке өту

«Болат Назарбаев өлтіріп қойды ма деп ойладым»: Қалдыбек Құрманәлі Мәдина Ералиеваның қазасы туралы айтты

«Болат Назарбаев өлтіріп қойды ма деп ойладым»: Қалдыбек Құрманәлі Мәдина Ералиеваның қазасы туралы айтты
ашық дерек

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі марқұм әнші Мәдина Ералиева туралы ауыр естеліктерімен бөлісті. Өнер қайраткері бұл жайында «Сұрауы бар» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Композитордың сөзінше, Мәдина Ералиева 27 қараша күні өмірден өткен. Ал 1 желтоқсанда ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылық кешінде ән айтуы тиіс болған.

«Туған әпшемдей болған әншінің өлімін Жеңіс Ысқақованың күйеуі естіртті. Сағира сіңлісінің үйіне барып, азан-қазан болдық. Денесін арнайы ұшақпен Алматыға әкелді. Бәріміз әуежайға бардық», – деп еске алды композитор.

Сондай-ақ ол сол кезде мәйітханаға барғанын айтып, марқұмның денесін көрген сәтті тебіреніспен жеткізді. Қалдыбек Құрманәлінің сөзінше, ұшақта Болат Назарбаев та бірге болған.

«Болат Назарбаев өлтіріп қойды ма, әлде өзі қайтыс болды ма – соны білгім келді. Бірінші күйеуі Болат Атабаев көрсін дедім. Сол жағынан соққы болған екен. Ал Болат Назарбаевтың оң қолы сынған. Демек, Мәдина Ералиева рөлде отырған», – деді ол.

Композитордың айтуынша, осы жағдайдан кейін Болат Атабаев өзінің күдігін жасырмаған. Алайда кейін бәрі жол апаты салдарынан болғанына көзі жеткенін жеткізген.

Сонымен қатар, Қалдыбек Құрманәлі Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне және барлық шығындарға көмектескенін де атап өтті.

«Айтайын дегенім, Мәдина Ералиева өз ажалынан қайтыс болды. Болат Назарбаевтың азаматтығына риза болдым. Ол жерлеуге, мейрамханаға 20 мың доллар берді. Барлық шығынды өзі көтерді», – деп түйіндеді композитор.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты