Контентке өту

Дариға Бадықова: «Аянышпен қарағанды ұнатпаймын»

Дариға Бадықова: «Аянышпен қарағанды ұнатпаймын»
ашық дерек

Белгілі актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, оқырмандарына өмірлік ой тастады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі өз сөзінде өмір жолында түрлі сынақтарды бастан өткергенін ишаралап, кейде ішкі сырын ашып қоюы мүмкін екенін де жасырмады. Ол адамдардың өзін аянышпен қабылдағанын қаламайтынын, тіпті мықты көрінетін жандардың да жүрегінде ауыр сезімдер болатынын атап өтті.

Актрисаның айтуынша, қоғамда қалыптасқан кейбір түсініктер шынайы өмірмен сәйкес келе бермейді. Сол себепті ол өмірдің өзінен алынған, шынайы оқиғаларға негізделген фильмдер түсіруді мақсат ететінін жеткізді.

Сонымен қатар, ол жаңа туындысы — «Таптым-ау сені» фильміне көрермендерді шақырып, бұл киноның әр отбасыға таныс өмірлік жағдайларды көрсететінін айтты. Оның пікірінше, дәл осындай шынайы сюжеттер ғана көрерменге әсер етіп, ой салуы мүмкін.

Жазба соңында актриса оқырмандарын демалыс күндерін тиімді өткізіп, отандық киноны қолдауға үндеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты