Танымал продюсер әрі актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына қатысты алаңдатарлық жазба жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесінің айтуынша, ол таңертең өзін жайсыз сезініп, паникалық шабуыл белгілерін бастан өткерген. Актриса сол сәтте өзін қорғансыз әрі жалғыз сезінгенін жасырмады.
«Бүгін паникалық шабуылмен ояндым. Өзімді қорғансыз, жалғыз сезіндім. Қауіптендім. Жүрегім кеудемнен шығып кетердей болды. Көзімнен жас тоқтамады. Сол сәтте анама барғым келіп кетті. Мұндай жағдай сіздерде де бола ма?» – деп жазды ол.
Жазба жарияланғаннан кейін желі қолданушылары актрисаға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жолдады. Көпшілік мұндай қиын сәттерде жақын жандардың қолдауы маңызды екенін атап өтті.
Дариға Бадықованың жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандары оған мықты денсаулық пен тезірек сауығып кетуін тіледі.