Контентке өту

Дариға Бадықова ТЖ қызметкерлері туралы фильм түсіріп жатыр

Дариға Бадықова ТЖ қызметкерлері туралы фильм түсіріп жатыр
ашық дерек

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа кино жобаның түсірілімі басталғанын хабарлады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұл жолғы фильмнің негізгі тақырыбы – күн сайын өз өмірін қатерге тігіп, өзгелерді құтқаруға ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметкерлерінің еңбегі.

Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туындының өзі үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Жаңа фильмнің түсірілімін бастадық. Бұл жолы тақырып та, жауапкершілік те бөлек. Біз күн сайын өз өмірін қауіпке тігіп, өзгенің өмірін құтқаруға асығатын ТЖ қызметкерлері туралы оқиғаны экранға алып келеміз», – деп жазды ол.

Продюсердің сөзінше, фильм ерлік, адамгершілік, таңдау және өмір үшін күрес тақырыптарын қамтиды. Сондай-ақ ол көрермендердің қолдауы шығармашылық ұжымға үлкен күш беретінін айтты.

Жаңа фильм «Соңыра көне қалған сөзді, кім біледі?!» деп аталады.

Желі қолданушылары актрисаға сәттілік тілеп, қазақ киноиндустриясында құтқарушылардың еңбегін арқау еткен фильмдердің көбірек түсірілуі қажет екенін атап өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты