Контентке өту

Дастан Оразбеков «Құрмет» орденімен марапатталды

Дастан Оразбеков «Құрмет» орденімен марапатталды
ашық дерек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласында елеулі еңбек етіп жүрген бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Президент өз сөзінде ұлттық мәдениетті дамытуға, халықтың рухани дүниетанымын байытуға үлес қосып жүрген өнер иелерінің еңбегі әрдайым жоғары бағаланатынын атап өтті. Сондай-ақ мәдениет саласын қолдау мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала беретінін жеткізді.

Марапатталғандардың қатарында танымал әнші Дастан Оразбеков бар. Өнер иесіне «Құрмет» ордені табысталды. Сонымен қатар дәл осы марапат актер Аян Өтепберген мен әнші Медет Салықовке де берілді.

Мемлекет басшысы мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдау мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, 2024 жылдан бері мәдениет және өнер қайраткерлеріне жалпы саны 200 пәтер берілген. Президент бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Сондай-ақ биыл еліміз бойынша 120 мәдениет және өнер қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болатыны белгілі болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты