Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев алматылық «Қайрат» клубы сапындағы соңғы ойынын өткізіп, жанкүйерлермен әсерлі түрде қоштасты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
«Қызылжарға» қарсы кездесуде талантты шабуылшы екі гол соғып, командасының жарқын жеңісіне үлес қосты. Осылайша Сәтпаев туған клубындағы соңғы матчын есте қаларлық өнерімен аяқтады.
Ойыннан кейін алматылық жанкүйерлер жас футболшыны ерекше ықыласпен шығарып салып, оған жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді.
Еске салайық, Дастан Сәтпаев енді мансабын Англияның әйгілі «Челси» клубында жалғастырады. Қазақстан футболының болашағы саналатын ойыншы үшін бұл жаңа белес болмақ.
Ал «Қайраттағы» соңғы ойынында дубль жасаған Сәтпаев жанкүйерлеріне тамаша сый жасап, клубпен жарқын қоштасты.