Аталған сәтпен депутаттың өзі де бөлісіп, журналистің әрекетіне ризашылығын білдірді.
«Сұхбат барысында ерекше бір сәт болды. Журналист қыз менімен көз деңгейінде сөйлесу үшін тізерлеп отырды. Бұл күтпеген, бірақ терең мағыналы, үлкен әдеп пен құрметтің белгісі еді.
Теңдік – адамның бойында және ар-ұятында.
Ал инклюзия сөзден бұрын іс-әрекетпен өлшенеді.
Құрмет осындай қарапайым қадамдардан басталады», – деп жазды Ерлан Әбдиев.
Желі қолданушылары да журналистің бұл қадамын кәсібилік пен адамгершіліктің жарқын үлгісі ретінде бағалап, жылы лебіздерін білдіруде.