Контентке өту

Динара Сәтжанның жұбайы мемлекеттік награда алды

Динара Сәтжанның жұбайы мемлекеттік награда алды
ашық дерек

Тележүргізуші Динара Сәтжанның жұбайы, танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Президент жарлығына сәйкес, ол «Құрмет» орденімен наградталды. Марапатты елорда әкімі салтанатты жағдайда табыстаған.

Кәсіпкер бұл марапатты өзінің еңбегіне берілген жоғары баға ретінде қабылдайтынын айтып, оны үлкен жауапкершілік деп санайтынын жеткізді. Оның сөзінше, алдағы уақытта да ел дамуына өз үлесін қосу жолындағы жұмысын жалғастыра береді.

«Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Әрқашан Қазақстанның өркендеуіне қызмет етуге дайынмын», – деді ол.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты