Контентке өту

Джеки Чанның жаңа фильмі Маңғыстауда түсіріліп жатыр

Джеки Чанның жаңа фильмі Маңғыстауда түсіріліп жатыр
ашық дерек

Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Джеки Чан қатысатын «Доспехи Бога 4: Ультиматум» халықаралық фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ауқымды жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта түсірілім тобы өңірдің бірегей табиғи орындарында жұмыс жүргізіп жатыр.

Фильмнің негізгі локацияларының бірі ретінде Маңғыстаудың інжу-маржаны саналатын Бозжыра шатқалы таңдалған. Маусым айының алғашқы күндерінде шығармашылық топ осы аумақта бірнеше маңызды көріністі таспаға түсірді.

Жоба аясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай түсірілім тобының өкілдерімен кездесіп, халықаралық киножобаға жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Кездесу барысында кино индустриясын дамыту, жастарға арналған сапалы контент өндіру және өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету мәселелері талқыланды.

Мамандардың пікірінше, фильмде Маңғыстаудың ерекше табиғаты мен қайталанбас ландшафттары көрсетілсе, бұл өңірдің әлемдік деңгейде танылуына және туристер санының артуына оң әсер етуі мүмкін.

Жоспар бойынша түсірілім жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін жалғасады. Ал Джеки Чан қатысқан «Доспехи Бога 4: Ультиматум» фильмі 2027 жылдың ақпан айында әлемдік прокатқа шығуы мүмкін.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты