Атап айтқанда, алғашқы заң Еуразиялық экономикалық одақ кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығу тегін айқындаудың үйлестірілген жүйесіне қатысты келісімді ратификациялауды көздейді.
Екінші заң ЕАЭО техникалық регламенттерінің сақталуын мемлекеттік бақылау қағидаттарына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға бағытталған. Бұл құжат мүше елдердің заңнамасын үйлестіруге арналған.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы аясында Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды.
Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.