Контентке өту

«Елден қуу керек»: Эротикалық видеосы тараған асаба елді тағы шулатты

«Елден қуу керек»: Эротикалық видеосы тараған асаба елді тағы шулатты
ашық дерек

Танымал асаба Хан әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісіп, көпшіліктің назарын аударды. Ол жұбайының жүкті екенін айтып, жақын арада тағы да әке атанатынын жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Айтуынша, сүйіктісі бұл жаңалықты оған тосынсый ретінде жеткізген. Асаба бұл сәтті ерекше эмоциямен қабылдап, жазбасында:

«Мен тағы да әке атанамын. Жұғысты болсын сіздерге де. Ғашықтар күні құтты болсын! Менің ғашығым маған өмірімдегі ең үлкен сыйлықты жасады. Ұл болса — Қозы, қыз болса — Сұлу деп қоямыз. Артық сөз жазбауларыңызды сұраймыз. Уайымдатпаңыздар жанымды», — деп жазды.

Алайда бұл жаңалық желіде бірден түрлі пікір тудырды. Қолданушылардың бір бөлігі қуанышты жаңалыққа тілек білдірсе, енді бірі сын айтып, күмән келтірген пікірлер қалдырған. Әсіресе, бұрын тараған видеоларға қатысты пікірлер қайта көтеріліп, талқылау қыза түсті.

Кейбір желі қолданушылары жұпты қолдаса, енді бірі олардың әрекетін сынап, түрлі көзқарас білдіруде. Осылайша, асабаның жеке өміріндегі жаңалық көпшілік арасында қызу пікірталасқа себеп болды.

Әлеуметтік желідегі мұндай реакция қоғамдағы пікір алуандығын тағы бір мәрте көрсетті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты