Элизат Берікова бұрынғы топтасы Сара Амангелдімен араларында кикілжің болып, тіпті төбелескен кездері болғанын айтты. Алайда өнер иесі бүгінде оған ешқандай реніші жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әншінің айтуынша, екеуі студенттік шақтан бері бір-бірін жақсы таниды. Олар бірге оқып, бірге жүріп, кейін KeshYOU тобына да қатар келген.
“Сара екеуміз студенттік кезден бері бір-бірімізді танимыз. Бір нанды бөлісіп жедік. Кейде Сара тарапынан артық нәрселер айтылған сәттер болды. Соған шыдай алмай, төбелескен кезіміз де болған. Бірақ ол мен үшін үлкен нәрсе емес”, – дейді Элизат Берікова.
Өнер иесі сондай-ақ бұл жағдайлардың бәрі жастық шақтың эмоциясынан туғанын атап өтті. Оның сөзінше, Сара Амангелдінің де ішінде ешқандай өкпе-реніш қалмаған деп ойлайды.
“Біз бірге кастингке келдік, бірге карьерамызды бастадық. Студенттік шағымыз да, өнердегі алғашқы қадамдарымыз да бірге өтті”, – деп еске алды әнші.