Қазақстандық әнші Ерболат Құдайбергеннің ресми түрде шаңырақ көтергені белгілі болды. Бұл туралы оның жары Зәуре Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Желіде тараған бұл жаңалық оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік жас жұбайларға бақыт тілеп, ақжарма лебіздерін жаудырған.
Алайда кейбір қолданушылар әншінің өткен өмірін қозғап, бұрынғы отбасына қатысты пікірлерін де жасырмады. Соған қарамастан, желіде “әр адамның жеке бақыты өз қолында” деген пікірлер де жиі жазылып жатыр.
Әзірге жұптың некесіне қатысты толық мәлімет жарияланбағанымен, әлеуметтік желідегі жазба көпшіліктің қызығушылығын арттырды.