Контентке өту

"Ерекше қылып тойлаймыз": Нұрлан Еспановтың отбасында қуанышты жаңалық

"Ерекше қылып тойлаймыз": Нұрлан Еспановтың отбасында қуанышты жаңалық
ашық дерек

Әнші Нұрлан Еспановнің отбасында жағымды жаңалық – өнер иесінің ұлы Олжас Еспанов жақын күндері әке атанбақ, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұл қуанышты ақпаратты журналист Анна Данченко жариялаған. Былтыр ұлын үйлендірген әнші үшін бұл жаңалық – әулетке қосылған тағы бір үлкен бақыт.

Олжас Еспановтың айтуынша, жүктілік туралы жаңалық алғашында көпшілікке айтылмаған. Жас отбасы бұл қуанышты әуелі өз араларында сақтап, кейін ата-анасына ерекше тосынсый жасаған.

“Алдымен бұл жаңалықты маған айтты. Сол кезде екеуміз бірге тамақтанып отырған едік. Кейін ата-анамызға арнайы торт алдыртып, үстіне ‘Мен жолдамын’ деп жаздырдық. Олар бірден түсініп, көздеріне жас алып, қатты қуанды”, – деді ол.

Желі қолданушылары бұл сүйінші хабарды жылы қабылдап, жас отбасыға аман-есен сәби сүюді тілеп жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты