Контентке өту

«ЕШҚАНДАЙ КЕШІРІМ ЖОҚ»: ТОМРИСТІҢ ӘКЕСІ СОТТА МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

«ЕШҚАНДАЙ КЕШІРІМ ЖОҚ»: ТОМРИСТІҢ ӘКЕСІ СОТТА МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ
ашық дерек

Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Томристің әкесі сот отырысында сөз сөйлеп, күдікті Александр Пакты кешірмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сот барысында жәбірленуші тарап өкілі қызының өмір жолы туралы айтып, оның тәрбиесі мен білім алуына әрдайым ерекше көңіл бөлгенін жеткізді. Әкесі Томриске барынша жағдай жасап, оның болашағына үлкен үміт артқанын айтты.

Сондай-ақ ол отбасылық жағдайына да тоқталып, жұбайымен ажырасқанына қарамастан, бұрынғы жарына құрметпен қарайтынын жеткізді.

Қайғыдан қан жұтқан әке сот алдында өз ұстанымын ашық білдіріп, күдіктіге қатысты ешқандай кешірім болмайтынын мәлімдеді.

- Менің айтарым біреу ғана – ешқандай кешірім жоқ, - деді ол сот отырысында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Аталған іс бойынша сот процесі жалғасуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты