Қазақстандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желідегі парақшасында екі ұлымен бірге түскен суретін жариялап, көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі жазбасында әзіл-шыны аралас пікір қалдырып, оқырмандарын бірден елең еткізді.
«Осы екі жігіттің мамасымын. Келіндер қайда жүр екен?» – деп жазды әнші.
Бұл жазба желі қолданушыларының қызу реакциясын тудырып, пікірлер легі бірден көбейді. Көпшілік әншінің ұлдарының сымбатына тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген.
Пікірлер арасында әзіл де, шынайы тілек те қатар өрбіді.
Желі қолданушылары:
— «Шынымен мамасысыз ба, әпкесі емессіз бе?»
— «Әдемі келіндер бұйырсын!»
— «Красавчик жігіттер екен»
— «Болашақ келіндеріңіз әлі мектепте жүрген шығар»
деген секілді әзілге толы пікірлер қалдырған.
Жазба қысқа уақыт ішінде желіде кең тарап, қызу талқыланды. Тыңдармандар тек әншінің өнеріне ғана емес, оның отбасы мен жеке өміріне де қызығушылық танытатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.