Контентке өту

Гүлзира Айдарбекова: «Қайраттың ерте үйленуіне әкесі қарсы болды»

Гүлзира Айдарбекова: «Қайраттың ерте үйленуіне әкесі қарсы болды»
Ашық дерек

 

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова «Taboo» бағдарламасына берген сұхбатында ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованің шаңырақ көтеру кезеңіндегі көпшілік біле бермейтін жайттарды айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Продюсердің сөзінше, Қайраттың ерте жаста үйленуіне әкесі алғашында қарсы болған. Алайда Гүлзира Айдарбекова болашақ келінімен жақынырақ танысқаннан кейін оның тәрбиесі мен мінезін ұнатып, екі жастың бақытын қолдауға шешім қабылдаған.

Сұхбат барысында ол жас отбасының тұрмысына да тікелей көмектескенін жасырмады. Айтуынша, жас жұбайларға алғашқы көлігін сыйлап, олардың аяққа тұрып кетуіне барынша қолдау көрсеткен.

Продюсердің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, көпшілік арасында түрлі пікір тудырды. Желі қолданушыларының бірі ата-ананың қолдауына тәнті болса, енді бірі Қайрат Нұртастың жеке өміріне қатысты тың деректерге таңғалғанын жазуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты