Әлеуметтік желіде интим сипаттағы видеолары тарап кеткен асаба мен оның жұбайы көпшілікке үндеу жасап, жағдайға байланысты көмек сұрады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Олар қазақстандықтардан кешірім сұрап, аталған видеоларды таратпауға шақырды. Айтуларынша, бұл жағдай әдейі жасалған әрекеттің салдары болуы мүмкін.
«Барша қазақ елінен көмек сұраймыз! Видеоны таратпауға атсалысайық. Қазір бұл жағдай үлкен резонанс тудырып жатыр. Өзімізге де жан-жақтан жіберіп жатыр. Видеоны сатуға дейін барып жатыр. Осыны тоқтатуға көмектесіңіздерші. Таратып жатқан адамдар заң жүзінде тексеріліп жатыр. Барлығы өз жазасын алады», – деді асаба.
Сондай-ақ ол бұл жағдайдың отбасына ауыр тиіп жатқанын жеткізді.
«Анама, әйеліме, жалпы отбасыма өте қиын болып жатыр. Жан-жақтан қысым көп. Мен бұған шыдай алмаймын», – деді ол.
Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі жұпты қолдап, түсіністік танытса, енді бірі олардың өздерін кінәлап, сын пікірлер қалдырды.
Пікір жазғандардың арасында: «Бұл дұрыс әрекет емес», «Өздерің хайп жасап отырсыңдар», «Неге мұндай видеоны түсірдіңдер?» деген сыни көзқарастар да болды.
Осылайша, аталған жағдай қоғамда түрлі пікірталас тудырып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.