Қазақстандық танымал топ - KeshYou айналасындағы тың мәліметтер тағы да елді елең еткізді. Бұл жолы топтың бұрынғы қатысушылары туралы пікір білдірген режиссер Ерлан Нұрғалиев пен продюсер Бағым Мұхитденова ашық әңгіме айтып, сахна сыртындағы шындықты бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Режиссердің айтуынша, топ ішінде мінезі ең ауыр болған қатысушылардың бірі - Жанар Дұғалова.
«Характеры қиын, біртүрлілеу. Өзім де сондаймын, мүмкін содан кейін тіл табысып кеттік», -дейді ол.
Ал Бағым Мұхитденова Жанарды ерекше талант иесі ретінде бағалаған. Оның сөзінше:
«Менің фаворитім — Жанар. Ол гениально, мүлдем бөлек», - деп атап өткен.
Дегенмен, сахна сыртында бәрі бірдей оңай болмаған. Айтуларынша, кейде бүкіл команда Жанарды 2-3 сағаттап күтуі мүмкін болған. Егер өзіне ұнамаған макияж немесе шаш үлгісі болса, әнші сахнаға шығудан бас тартқан.
Алайда барлық қиындық сахнаға шыққан сәтте ұмытылатын көрінеді.
«Бірақ сахнаға шыққанда ол жанып кетеді, көрерменді баурап алады. Сол кезде ренжігеннің бәрін ұмытып кетесің», — дейді олар.
Бұл мәліметтер желіде қызу талқыланып, көпшілік арасында түрлі пікір туғызды. Бірі оны кәсіби талап деп қабылдаса, енді бірі «жұлдыз мінез» деп бағалауда.
Қалай болғанда да, KeshYou тобының тарихы тек әдемі образдардан емес, осындай шынайы, кейде күрделі сәттерден құралғаны анық.