Контентке өту

Комратов көшесі жөндеуден өтуде

Комратов көшесі жөндеуден өтуде

Тараз қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Комратов көшесіне (Ташкентская көшесінен Байзақ батыр көшесіне дейінгі аралық) және Комратов өткеліне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба қала жолдарының сапасын арттыруға, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрғындардың күнделікті қатынасын жеңілдетуге бағытталған.

Жобаның мердігер мекемесі – «Жол de luxe» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ал жөндеу жұмыстарының сапасы мен құрылыс талаптарының сақталуын техникалық қадағалаушы мекеме – «Кантри-М» ЖШС бақылауда ұстап отыр. Мамандар барлық жұмыстардың бекітілген стандарттар мен техникалық талаптарға сай орындалуын тұрақты түрде қадағалауда.

Орташа жөндеу жұмыстары аясында ескі жол жабыны алынып, жаңа асфальт-бетон қабаты төселеді. Сонымен қатар жолдың тегістігін қалпына келтіру, шұңқырлар мен бүлінген аумақтарды жөндеу, жол жиегін ретке келтіру, су ағар жүйелерін тазалау және өзге де қажетті тұстарда жаңарту жұмыстары қарастырылған. Сондай-ақ жол белгілерін жаңарту мен жолақ сызықтарын сызу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Аталған көшелер қаладағы маңызды көлік қатынасы бағыттарының бірі болғандықтан, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін көлік қозғалысының сапасы артып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік туады. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер үшін де қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптасады.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Осыған байланысты тұрғындар мен жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы сұраймыз!

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты