Контентке өту

«Көз жасын әрең ұстап тұрды»: жаңа LRT-ге мінген қария Қазнетті елжіретті

«Көз жасын әрең ұстап тұрды»: жаңа LRT-ге мінген қария Қазнетті елжіретті
ашық дерек

Біреулер үшін бұл жай ғана пойыз болуы мүмкін. Ал енді біреулер үшін — жылдар бойы күткен арманның орындалуы., деп хабарлайды baq-orda.kz.

Астанадағы жаңа LRT-ге алғаш рет мінген қария сапардың әр сәтіне шынайы қуанып, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Оның жүзіндегі қуаныш, таңданыс пен бақыттан шыққан көз жасы желі қолданушыларын бейжай қалдырмады 

Видеода ақсақал жаңа көлікке балаша қуанып, айналасын қызықтап отырғанын көруге болады. Әлеуметтік желіде бұл кадрлар мыңдаған қаралым жинап, жылы пікірлерге толды.

Көпшілік қарияның эмоциясын шынайы бақыттың көрінісі деп бағалады.

«Осындай сәттер өмірдің қарапайым дүниелерінде үлкен қуаныш бар екенін еске салады», «Қарияның қуанышын көріп, өзіміз де әсерлендік», «Нағыз шынайы эмоция» деген пікірлер желіде жиі жазылуда.

Желі қолданушылары бұл видеоны соңғы күндердің ең әсерлі әрі жүрекке жылы тиетін сәттерінің бірі деп бағалап жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты