Белгілі продюсер әрі актриса Дариға Бадықова жаңа фильмнің түсірілімі басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесінің айтуынша, Өскемен қаласында құтқарушылар туралы жаңа кино түсіріледі. Бұл туралы актриса Instagram парақшасында бөлісті.
Сонымен қатар ол кино саласына қатысты арманы мен болашақ жоспарлары жайлы айтып өтті. Дариға Бадықова кезінде тойларда ән айтып жүрген шағында-ақ кино әлемінде сапалы әрі ауқымды фильмдер түсіруді армандағанын жеткізді.
“Бірге жүрген жандарға тек алғыс, құдай тілеулерін берсін. Өзіміздің елде өте күрделі фильм түсіреміз. Біреу маған “Күйеуге шығайын деп жатыр” деп жазыпты. Сондай нәрселер жазылып жатыр. Бірақ енді ол болашақтың еншісінде… Сондай бір ауқымды жоба болайын деп тұр”, – деді актриса.
Продюсер бүгінде сол арманына біртіндеп жетіп келе жатқанына қуанышты екенін айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта Қазақстанда ауқымды әрі күрделі жоба қолға алынбақ. Сондай-ақ ол желіде өзінің жеке өміріне қатысты түрлі болжамдардың тарап жатқанын да жасырмады.