Контентке өту

«Менің де айтарым көп»: Төреғалидің жұбайы жұмбақ жазба жариялады

«Менің де айтарым көп»: Төреғалидің жұбайы жұмбақ жазба жариялады
ашық дерек

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ол Instagram парақшасында қысқа ғана мәлімдеме жасап, оқырмандарын ойға қалдырды.

«Сәлем бердім! Қалайсыздар?! Бәрін көріп-біліп отырған шығарсыздар! Менің де айтарым көп! Екінші тарапты күтіп отырмын. Жақсылықтың жаршысы болайық», – деп жазды ол.

Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі болжамдарға себеп болды. Көпшілік Толқын Тұрарбекқызының сөзін соңғы уақытта Төреғали Төреәлінің атына қатысты тараған ақпараттармен байланыстырып жатыр.

Алайда әншінің жары бұл мәлімдемесінің нақты қандай жағдайға қатысты екенін әзірге ашып айтқан жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлінің продюсері Жан Мұқанов әншінің концерттік және гастрольдік қызметі уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген болатын. Осыдан кейін өнер иесінің аты әлеуметтік желілерде жиі талқыланып келеді.

Толқын Тұрарбекқызының жазбасы да көпшіліктің қызығушылығын арттырып, желіде қызу пікірталас тудырды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты