Контентке өту

Мадина Сәдуақасова подиумға шығатынын меңзеді: «Мені де күтіңіздер»

Мадина Сәдуақасова подиумға шығатынын меңзеді: «Мені де күтіңіздер»
ашық дерек

Мадина Сәдуақасова Kazakhstan Fashion Week шарасына қонақ ретінде қатысып, күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі подиумға шығуға қызығушылығы бар екенін жасырмай, бұл бағытқа енді ғана басқаша қарай бастағанын айтты. Оның сөзінше, бұрын сән әлемі тек бойы ұзын, мінсіз параметрлі модельдерге ғана арналған деп ойлаған.

Алайда қазіргі сән көрсетілімдерінде әртүрлі образдағы қыздарды көріп, өзіне деген сенімі артқан. Сол себепті болашақта подиумда өзін сынап көруге ниетті екенін жеткізді.

«Мені де күтіңіздер», – деп әзілмен айтқан әншінің бұл сөзі көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ, Мадина Сәдуақасова көрермендер өзін көбіне Азамат Арғынбаев пен ARUNAZ дизайнерлік киімдерінде көріп үйренгенін атап өтті. Әншінің айтуынша, дәл осы стиль өзіне ерекше жақын.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты