Белгілі әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты ұзақ уақыт бойы жүрегінде сақтап келген шындықты алғаш рет ашық айтып, бұл шешімнің оңайға соқпағанын жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесінің сөзінше, марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділов кезінде бұл құпияны қыздары 18 жасқа толғанда өзі айтуды жоспарлаған, алайда тағдырдың жазуымен бұл міндет ананың өзіне жүктелген. Әнші бұл әңгімені айтуға ұзақ уақыт бойы батылы жетпей, тек қызы бойжетіп, өмірге араласа бастағанда ғана шындықты жеткізуге бел буғанын айтады. Оның айтуынша, Мерей өз тегін қате айтып жүрген сәттер көбейген соң, ана ретінде алаңдап, болашақта өтірікке негізделген өмір басталмасын деп, ақиқатты айтуға шешім қабылдаған. Осылайша, ана жүрегінде сақталған ауыр сыр уақыт өте келе айтылып, қыздың өз шындығын білуіне жол ашылған.