Дизайнер Құралай Нұрқаділова әкесінің екінші некесінен туған қызы Мерей Заманбекқызы туралы алғаш рет ашық пікір білдірді. Бұл туралы ол “Почему не я” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Құралайдың сөзінше, қарындасымен қарым-қатынас орнату мәселесі уақыт пен дайындыққа байланысты болған:
«Әкемнің жерлеуінде ол кішкентай болатын. Оның әзірге араласқысы келмейтініне оны жазғыра алмаймын. Мен дайын емес кезде, мен араласа алмадым. Оның өмірге келуіне де, басқасына да қарсы болған емеспін. Мен тек оған дайын болмадым. Ол маған әкесіндей арқа сүйей алады, менің қолдауыма. Көп жағдайда мен бәрібір әкеме ұқсаймын. Есейген кезде әкесі жанында бола алмады, әкемнің маған айтқандарын оған жеткізе аламын», — деді ол.
Сонымен қатар, Құралай Нұрқаділова әкесі Заманбек Нұрқаділовпен неге 15 жыл араласпағанын да түсіндірді.
Оның айтуынша, әкесімен қарым-қатынасы күрделі болған және оған сыртқы адамдардың ықпалы әсер еткен:
«Әкеммен қарым-қатынасымыз оңай болған жоқ. Оның жанындағы адамдарға әкемнің қасында болуым пайдалы болған жоқ. Мінезім дәл әкем сияқты. Әкеме көп нәрсені ашық айтатынмын, көп нәрсеге көзін ашатынмын. Қазіргі кезде “әкеңізге неге өкпелісіз” деп көп айтып жатады. Мен әкеме мүлдем өкпелі емеспін, өйткені ол кезде не болып жатқанын жақсы білдім. Әкемнің кабинетіне кіріп бастаған кезде, ол маған қарсы айдап салынған еді. Кірген бойдан айқайлайтын. Қазір ғана кімдердің айдап салғандарын жақсы білемін, бірақ кім екендерін айтпаймын», — деді ол.
Дизайнердің бұл сұхбаты қоғамда қызу талқыланып, желі қолданушылары оның шынайылығына түрлі пікір білдіруде.