Контентке өту

Меруерт Өтекешова ұлының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты

Меруерт Өтекешова ұлының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты
ашық дерек

Қазақ киносының аңызы, Меруерт Өтекешова ұлы Әл-Фарабидің қазасы жайлы алғаш рет ашық сұхбат берді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Актриса бұл туралы журналист Майя Бекбаева жүргізген сұхбатта айтты.

Өнер иесінің сөзінше, ұлы бала кезінен ауыр науқаспен күрескен. Әл-Фараби 34 жасында өмірден өткен.

«Ұлым бала кезінен ауырды. 34 жаста еді. Үйленуге бекініп жүрген. Осының бәрінен кейін терең жара қалады. Күйзеліс бәрінен де қатты. Бірақ мен барлығын түсінемін. Менің болмысымда әлсіздік көрсету жоқ. Әрі қарай ойландым. Менің қыздарым мен немерелерім бар. Оларға қамқорлық көрсетуім керек. Менің көмегім, мейірімділігім жақындарыма керек. Әсіресе қазір. Өзімнің қайсарлығымды қосып, өзіме монолог оқып, өмір сүруді жалғастырамын. Ештеңеге қарамай жұмыс істеп, алға жылжи беремін», – деді актриса.

Сондай-ақ Меруерт Өтекешова кіші қызы Томиристің де ағасының қазасын ауыр қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, Томирис ұзақ уақыт бойы өз-өзіне келе алмай, қатты күйзелген.

Айта кетейік, Қыз Жібек фильміндегі Қыз Жібек рөлі арқылы халық жүрегінен орын алған актриса бүгінде де қазақ мәдениетінің көрнекті тұлғаларының бірі саналады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты