Контентке өту

Михаил Шайдоров: «Бес айдан бері айлық алған жоқпын»

Михаил Шайдоров: «Бес айдан бері айлық алған жоқпын»
ашық дерек

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Миландағы жеңісінен кейінгі бес ай бойы жалақы алмағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол мәнерлеп сырғанаушы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Шайдоров Олимпиадаға дайындық төрт жыл бұрын басталғанын атап өтіп, қаржылай қолдау тек 2025 жылы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған сәтте ғана көрсетіле бастағанын жеткізді.

«Сол туралы шындықты айтқанымда, мені осылайша жазалағысы келген сияқты. Бес айдан бері маған айлық төленген жоқ», – деді спортшы.

Сонымен қатар ол 1 ақпаннан бастап өзінің дәрігері де қызметінен алынғанын айтты. Спортшы бұл жағдайды «келеңсіз жағдай» деп сипаттап, қазіргі ахуалдың өзіне де, командасына да түсініксіз екенін жеткізді.

«Неге екенін білмеймін, бірақ мен де, менің командам да айлық алып жүрген жоқ. Мен үшін өте түсініксіз жағдай», – деді Михаил Шайдоров.

Шайдоровтың мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланғаннан кейін Туризм және спорт министрлігі ресми түсініктеме берді.

«ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясы спортшыларға жалақыны қолданыстағы келісімшарттар мен халықаралық жарыстарға дайындықтың бекітілген шарттарына сәйкес төлейді», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты