Контентке өту

Мөлдір Әуелбекова келініне су жаңа көлік сыйлап, елді сүйсінтті

Мөлдір Әуелбекова келініне су жаңа көлік сыйлап, елді сүйсінтті
ашық дерек

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде келініне ерекше сый жасағанын жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында келінімен бірге жаңа көліктің жанында түскен видеосын бөлісіп, әсерлі жазба қалдырған. Әншінің айтуынша, келінінің көптен бергі арманы орындалған.

«Әулетіміздің еркетотайы! Келінімнің арманын орындау маған бұйырыпты. Су жаңа тұлпарың жақсылыққа жүргізсін! Ортамызда осылай жарқырап жүре бер», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, жас келінге ақ тілектерін жаудырды. Көпшілік Мөлдір Әуелбекованың жомарттығына тәнті болып, оның келініне деген сыйластығын ерекше атап өтті.

Пікір қалдырғандардың бірі:

«Өз үйін тастап келген келінге қуаныш сыйлай білген жандарға разымыз», – деп жазса, тағы бірі:
«Құтты көлік болсын! Осындай қуаныш әр қазақтың шаңырағында болсын», – деген тілегін білдірген.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде «Жолың ашық болсын», «Ақжолтай көлік болсын» деген сынды ақжарма тілектер де көптеп жазылған.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова бұған дейін де отбасылық құндылықтар мен жақындарына деген қамқорлығын жиі көрсетіп жүрген өнер иелерінің бірі ретінде танылған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты