Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында отбасында қатар келген қуанышты жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесінің жақын құрбысы, әнші Жазира Байырбекова Мөлдір Мұқанның шаңырағында бірден үш маңызды оқиға болып жатқанын айтты.
Оның сөзінше, әншінің үлкен баласы биыл мектеп бітірсе, екінші перзенті жоғары оқу орнын тәмамдауда. Ал кенже ұлы сүндетке отырып, жаңа оқу жылында алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ.
«Мөлдірдің отбасында үлкен қуаныш. Бір баласы мектеп бітіріп жатыр, екіншісі жоғары оқу орнын тәмамдауда, ал үшіншісі сүндетке отырып, мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Қандай бақытты ана!» – деді Жазира Байырбекова.
Өз кезегінде Мөлдір Мұқан алда үлкен тойдың болатынын растады. Ол мерекеге дайындық жұмыстары басталып кеткенін айтып, оқырмандарынан қызықты ұсыныстар күтетінімен бөлісті.
«Әр шаңырақта осындай қуаныш болсын! Қандай той болатынын әзірге құпия ұстап жүрген едім. Бірақ Жазира айтып қойды. Тойға қатысты ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймын», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесін қуанышты жаңалығымен құттықтап, отбасысына амандық, береке және тойдың сәтті өтуіне ақ тілектерін арнады.