Контентке өту

Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр
ашық дерек

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы Мұхтар Шаханов қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы ақын қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Мәліметке сәйкес, 84 жастағы қаламгердің денсаулығы сыр беріп, дәрігерлердің жіті бақылауына алынған. Қазіргі таңда оған қажетті барлық ем-дом шаралары жүргізілуде.

Қор өкілдері мен жақындары халықтан ақынның сауығып кетуіне тілектес болып, дұға жасауға шақырды.

Мұхтар Шаханов — ұлттық рух, тіл мен мәдениет тақырыптарын терең жырлаған қаламгер. Оның Өркениеттің адасуы поэмасы қазақ әдебиетіндегі маңызды шығармалардың бірі саналады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты