Контентке өту

Неге Перизат Қайраттың көліктері мемлекеттік органдарға тегін берілді?

Неге Перизат Қайраттың көліктері мемлекеттік органдарға тегін берілді?
ашық дерек

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков Перизат Қайраттан тәркіленген қымбат көліктердің мемлекеттік органдарға не себепті тегін берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, заңнамаға сәйкес тәркіленген мүлік алдымен аукцион арқылы сатуға шығарылады. Егер көлік бірнеше мәрте саудаға қойылып, сатып алушы табылмаса, оны мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне беру қарастырылады.

«Бұл бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңа көлік сатып алғаннан гөрі, тәркіленген мүлікті пайдалану тиімді. Мұндай құқық заңда қарастырылған», – деді Нұрмахан Әділбеков.

Комитет төрағасының сөзінше, мұндай тәжірибе мемлекет шығындарын азайтып, тәркіленген мүлікті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайраттан тәркіленген бірқатар қымбат көліктің мемлекеттік органдарға берілгені қоғамда қызу талқыланған болатын. Осыған байланысты мемлекеттік органдар аталған шешімнің заң аясында қабылданғанын мәлімдеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты