Контентке өту

Өскеменде Мақпал Жүнісова отырған көлік тоқтатылып, жүргізушіге айыппұл салынды

Өскеменде Мақпал Жүнісова отырған көлік тоқтатылып, жүргізушіге айыппұл салынды
ашық дерек

Мақпал Жүнісова отырған көлік Өскеменде жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылып, жүргізушіге айыппұл салынды. Бұл туралы халық әртісі өзінің Instagram парақшасында әзіл аралас видео жариялау арқылы хабарлады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі бүгін концерт қою мақсатында Өскемен қаласына барған. Әуежайдан қалаға бағыт алған Lexus LX 570 автокөлігін жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Белгілі болғандай, көліктің алдыңғы бүйір әйнектері қара түсті күңгірттелген болған.

Оқиға орнында тәртіп бұзған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған. Кейін бұл жағдайға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, жүргізуші көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Мақпал Жүнісова болған жағдайды әзілмен қабылдап, әлеуметтік желіде видео жариялаған. Желі қолданушыларының бір бөлігі әншіге құрмет білдірсе, енді бірі жол қозғалысы ережелері барлық азаматқа бірдей екенін айтып, заң алдында ешкімге артықшылық берілмеуі тиіс екенін жазған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты