Контентке өту

«Отбасыма уақыт бөлдім»: Айман Талғатқызы желіден алыстағанын айтты

«Отбасыма уақыт бөлдім»: Айман Талғатқызы желіден алыстағанын айтты
ашық дерек

Танымал блогер әрі қоғам белсендісі Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасының біраз уақыт белсенді болмауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, Instagram парақшасы уақытша бұғатталған. Осы уақыт аралығында Айман Талғатқызы әлеуметтік желіден алыстап, отбасысына, балаларына және жеке өміріне көбірек көңіл бөлгенін айтты.

Блогер Instagram-сыз өткен бірнеше күннің өзіне ерекше әсер еткенін жасырмады. Ол бұл уақытты ойда жүрген шаруаларын реттеуге, бала-шағасымен бірге болуға және рухани демалысқа арнаған.

“10 шақты күн бойы Instagram-сыз жақсы демалыс болды. Ойда жүрген шаруаларға көңіл бөліп, бала-шағаға уақыт арнадық. Отбасымызбен демалып, рухани азық алдық. Инстаның болмағаны да жанға тыныштық сыйлайды екен”, – деп жазды ол.

Сонымен қатар Айман Талғатқызы парақшасының бұғатталуына үшінші тұлғалардың қатысы жоғын атап өтті. Оның сөзінше, аккаунтты Instagram платформасының өзі уақытша блоктаған.

Айта кетейік, соңғы уақытта әлеуметтік желі қолданушылары арасында Instagram парақшаларының уақытша бұғатталуы жиілеп кеткені байқалады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты