Контентке өту

“Өзімді алтын тордағы құстай сезіндім”: Мәдина Ералиеваның жан сыры жария болды

“Өзімді алтын тордағы құстай сезіндім”: Мәдина Ералиеваның жан сыры жария болды
ашық дерек

Әсет Ақмолда әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әнші Мәдина Ералиева күнделігінен үзінді жариялап, көпшілікке бұрын беймәлім болған естеліктермен бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жазбада әншінің жалғыз ұлы Арсенге деген аналық алаңдаушылығы, өнер жолындағы қиындықтары мен ішкі күйзелістері баяндалған. Мәдина Ералиева ұлының әкесі белгілі режиссер Болат Атабаев екенін айтып, отбасылық өмірдегі қиын кезеңдерді еске алған.

Әншінің сөзінше, өнер жолындағы тынымсыз гастрольдер мен екі қалада өмір сүру олардың арасына салқындық түсіріп, ақыры екі жақтың айырылысуына себеп болған. Сонымен қатар, ол ұлын тәрбиелеуде сіңлісі Сағираның көп көмегі тигенін ерекше атап өткен.

Күнделікте Мәдина Ералиева ұлы Арсеннің шетелде емес, Қазақстанда білім алғанын қалайтынын да жазған. Оның айтуынша, баласының өз біліміне сеніп, грантпен оқығанын қалаған.

Сондай-ақ әнші денсаулығына қатысты алаңдаушылығын, соңғы жылдары күйзеліске түскенін де жасырмаған. “Кейде өзімді алтын торға қамалған құстай сезінемін” деп жазған ол табиғатқа барып, ән айту арқылы жан тыныштығын табатынын жеткізген.

Айта кетейік, Мәдина Ералиева 2000 жылдың 27 қарашасында жол апатынан қайтыс болған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты