Контентке өту

“Пендемін…” – Азамат Сатыбалды елден кешірім сұрады

“Пендемін…” – Азамат Сатыбалды елден кешірім сұрады
ашық дерек

Азамат Сатыбалды әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесі Threads платформасында кешірім мен адамгершілік жайлы ой бөлісіп, оқырмандарына жүрекжарды үндеу жолдаған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

«Пендемін... Абайсызда біреуді ренжітсем, тілім тиіп кетсе, жалына кешірім сұраймын. Ал мені ренжіткендерге еш өкпем жоқ. Бәріңді жақсы көремін», – деп жазды актер.

Бұл сөздер желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлер туғызды. Көпшілік актердің ішкі күйіне алаңдап, оған қолдау білдіруде. Пікірлер арасында: “Жай кешірім сұрап жатырсыз ба?”, “Ұлық болсаң, кішік бол деген осы”, “Кішірейгеннен ештеңе болмайды”, “Адамдықтың биік үлгісі” деген сынды жылы лебіздер көптеп жазылған.

Азамат Сатыбалдының бұл жазбасы қарапайым көрінгенімен, қоғамдағы адамгершілік, кешірім мен кішіпейілділік тақырыбын қайта көтеріп, оқырманды ойға қалдырды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты