Контентке өту

Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналасты

Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналасты
ашық дерек

Жазасын өтеп жатқан Перизат Қайрат мекеме ішінде жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Қазақстан ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ведомство мәліметінше, сотталған азамат мекемеде еңбекке тартылып, қызметтік үй-жайларды тазалау жұмыстарымен айналысып жүр.

Перизат Қайрат - еліміздегі белгілі қоғам қайраткерлерінің бірі. Ол үш жыл бойы Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорын басқарған.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қараша айында Қайрат 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған. Аталған қаражат су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған.

Алайда тергеу нұсқасына сәйкес, жиналған қаржының бір бөлігі жеке мақсаттарға — элиталық жылжымайтын мүлік, қымбат көліктер мен шетелдік сапарларға жұмсалғаны анықталған.

Тергеу барысында қор қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін оның туыстары да тартылғаны белгілі болды. Іс бойынша анасы Ғайни Алашбаева сыбайлас ретінде өткен.

2025 жылдың наурыз айында сот шешімімен Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры ресми түрде таратылды.

Сот отырысында жәбірленушілер әлеуметтік желілердегі жарнамаларға сеніп, қайырымдылық көмек көрсетуге шешім қабылдағандарын айтқан. Сондай-ақ, тергеу барысында тәркіленген мүліктердің тізімі жария етілді.

Нәтижесінде, Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты