Мемлекет басшысының өкімімен білім беру саласындағы бірқатар қызметкер мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Марапаттар білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін табысталды.
«Құрмет» орденімен:
Арынова Дәмеш Арынқызы – «Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ мұғалімі, Ұлытау облысы;
Зәйкенова Руда Зәйкенқызы – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы;
Қайсаева Гүлбану Зәкәрияқызы – білім беру саласының ардагері, Астана қаласы;
Малайдар Марта Есіркепқызы – білім беру саласының ардагері, Ақтөбе облысы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
Аханов Дәулетназар Дәулетбайұлы – «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, Түркістан облысы;
Әлиев Мұрат Қапбарұлы – «Esil University» мекемесінің профессоры, Астана қаласы;
Бабаева Жібек Шамғалиқызы – «Жалпы білім беретін мектеп-гимназия» КММ мұғалімі, Маңғыстау облысы;
Егізбаев Нұржан Хамытбекұлы – «№7 орта мектеп» КММ мұғалімі, Жамбыл облысы;
Жұмағалиева Алмажан Жасұланқызы – «Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы;
Қожахметова Алма Шәймерденқызы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, Түркістан облысы;
Нұрмахатов Ғалымжан Амангелдіұлы – «Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Қызылорда облысы;
Садықов Ахметжан Бисенғалиұлы – «Томарлы ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Павлодар облысы;
Сыдықбекова Бәтима Жақсылыққызы – «№173 мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Алматы қаласы;
Шилов Игорь Алексеевич – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы.
«Шапағат» медалімен:
Қадырова Жібек Шәкенқызы – Кеген ауылының №7 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының басшысы, Алматы облысы;
Лысенко Александр Георгиевич – Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының педагогі;
Тайтелиева Жұмакүл Шегебайқызы – №122 «Ақ көгершін» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі, Шымкент қаласы;
Тарасова Елена Михайловна – №3 арнаулы мектеп-интернатының педагогі, Қарағанды облысы;
Тлеулина Галия Жамалетдиновна – «Ақбота» бөбекжайының музыка жетекшісі, Ақмола облысы.
Сонымен қатар бірқатар білім беру саласының өкіліне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.
Атап айтқанда, атаққа Айшуақова Күләш Мырзабайқызы, Байтасова Ботагөз Шаяхметқызы, Жантілеуова Айман Жантілеуқызы, Лахтин Михаил Васильевич, Мұқашева Меруерт Қозықанқызы, Нұрғалиева Гүлжан Әбенқызы, Оспанова Айгүл Төлегенқызы, Рахмедьянова Ұлжан Әшімқызы, Тағаева Гүлмира Тұрдыбекқызы, Тілеубаева Қаламқас Қалиқызы және Шотанова Эльмира Манарбекқызы ие болды.
Мемлекеттік наградалар ұстаздар мен білім беру саласы қызметкерлерінің ел болашағын қалыптастырудағы еңбегіне берілген жоғары бағаның бірі болды.