Контентке өту

Президент денсаулық сақтау нысандарын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Президент денсаулық сақтау нысандарын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды
ашық дерек

Президенттің айтуынша, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының алғашқы кезеңі табысты жүзеге асырылды. Жоба аясында 2023 жылдан бері ел бойынша 655 жаңа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сонымен қатар биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл тұрғындарға сапалы медициналық көмекті өз өңірінде алуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы еліміздің әр өңірінде жаңа ғылыми институттар, көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар мен перинаталдық орталықтар салынып жатқанын атап өтті.

Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау жүйесінде шешімін күткен мәселелер әлі де бар екенін айтты.

«Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан астам нысан әлі күнге дейін қызмет көрсетіп тұр. Сондықтан Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет», – деді Президент.

Мемлекет басшысы халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуы тиіс екенін атап өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты