Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына орайұйымдастырылған «Хроникадан – болашаққа» аттыағартушылық жобасының оңтүстік өңірдегі қорытындышарасы Тараз қаласында өтті.
Президент Телерадиокешенінің деректі кино орталығышығармашылық тобының келуі жергілікті көрерментарапынан қызу қолдауға ие болды.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова өңір тұрғындары атынаншығармашылық ұжымға алғыс білдіріп, көрсетілімдердің маңызына тоқталды.
– Бүгінде деректі кино қоғамның тарихи жадыныңмаңызды бөлігіне айналып отыр. Мұндай туындыларарқылы біз оқиғаларды тек ресми хроника ретіндеемес, адам тағдыры мен үлкен үдерістер арқылытереңірек түсінеміз. Тараз тұрғындары үшін мазмұныәртүрлі болғанымен, идеясы ортақ «Aral», «Қуаттысеріктес», «Travel Kazakhstan» және «Құлалыаралының адамы» фильмдерін тамашалауға жақсымүмкіндік туды, – деді ол.
Көрсетілім барысында ерекше әсер қалдырғантуындылардың бірі – «Құлалы аралының адамы» фильмі болды. Фильм жетуі қиын метеостанциядаеңбек ететін Петр Лупенковтың өмірін арқау етеді. Ол өркениеттен алыс жүрсе де, өз ісіне адал кейіпкерретінде бейнеленген.
Көрермендердің бірі Адал Айтқали фильм туралы пікірбілдіріп, оның терең эмоционалдық әсерін атап өтті.
– Бұл сырттай байсалды көрінгенімен, ішкі мазмұныаса қуатты туынды. Мұнда артық сөз жоқ, бірақ тереңойға жетелейтін бейнелер көп. Каспий теңізінің қаталтабиғаты мен кейіпкер тағдыры адамды бейжайқалдырмайды. Петя (Петя есімді кейіпкер, Петя көке) – рухы мықты тұлға, – деді ол.
Ал «Travel Kazakhstan» фильмі Қазақстанды туристікбағытта жаңа қырынан таныстырған туынды ретіндебағаланды. Көрермендер атап өткендей, фильм заманауи тәсілдермен түсіріліп, жас буынға жақынформатта ұсынылған.
– Қазақстанды жаңа көзқараспен көру қызықты болды. Әсіресе блогерлердің қатысуы фильмге заманауисипат берген. Бұл деректі киноның да қазіргі заманғасай, тартымды бола алатынын көрсетті, – дедікөрермен Анастасия Рожкова.
Бағдарлама аясында «Aral» фильмі де көрсетілді. Онда Арал теңізімен тағдыры тығыз байланыстыбалықшы Құнтуған Тұрғынбаевтың өмірі баяндалады. Сонымен қатар, мемлекет қолдауымен Арал теңізінқалпына келтіру бағытындағы жұмыстар да қамтылған.
Ал «Қуатты серіктес» фильмі Қазақстан ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсандаЖапонияға жасаған ресми сапарына арналды. Туындытек ресми кездесулермен шектелмей, технологиялық, энергетикалық және білім беру салаларындағы жаңажобаларды да кеңінен көрсетеді.
Көрермендердің айтуынша, фильм халықаралыққатынастарды тек ресми форматта емес, мазмұнды әрідинамикалық оқиға ретінде жеткізе білген.
Осылайша, әртүрлі мазмұн мен ырғақтағы фильмдербір арнаға тоғысып, елдің өткені, бүгіні және болашағытуралы тұтас ой қалыптастырды. Кинолекторий көрермендер үшін тек көрсетілім алаңы ғана емес, ел дамуы мен қоғамдық сана туралы мазмұнды диалог алаңына айналды.
Тараздан кейін көрсетілімдер Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған және Қонаев қалаларында жалғасады. Жоба 25 қыркүйекте Алматы қаласындақорытындыланады.
Көрсетілімдер облыстық әкімдіктердің қолдауыменөңірлік кинотеатрларда өткізіліп, барлық көрермендерүшін тегін ұйымдастырылып жатыр.