Контентке өту

Қарақат Әбденнің сахнадағы сәлемі қызу талқыға түсті

Қарақат Әбденнің сахнадағы сәлемі қызу талқыға түсті
Ашық дерек

Қарақат Әбден желіде қызылордалықтарға сәлем салған видеосын жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Видеода депутат күйеуінің Қызылорда облысынан екенін айтып, келін ретінде қазақтың салт-дәстүрін елемей кете алмайтынын жеткізеді. Осыдан кейін сахнада иіліп сәлем салады.

Белгілі болғандай, видео өткен жылдың жазында түсірілген. Оны депутат Нұрлыбек Нәлібаевтің жұмысына қатысты пікір жазбасына қосып жариялаған. Бұған дейін ол Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарса, қазір премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі депутаттың халыққа және ұлттық дәстүрге құрмет көрсеткенін қолдаса, енді бірі ресми іс-шара кезінде сәлем салу орынсыз болғанын айтып, мемлекеттік қызметтегі тұлғалар белгілі бір әдеп нормасын сақтауы керек деген пікір білдірді.

Пікірлер арасында:
«Қазақы тәрбиенің белгісі» деген қолдау да,
«Сахна мен ресми ортада шектен шықпау керек» деген сын да айтылуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты