Контентке өту

Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
ашық дерек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин екіжақты келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мемлекеттік сапарын екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамытудағы маңызды оқиға ретінде бағалады.

- Ең алдымен, кездесуіміздің қарсаңында жарияланған мазмұнды мақаласы үшін Ресей Президентіне алғыс айтамын. Бұл материалды халқымыз ықыласпен оқыды. Өйткені мақалада тату көршілік пен өзара құрметке негізделген ынтымақтастықты табысты ілгерілету үшін маңызы зор нақты деректер мен пайымдар көрініс тапқан. Бүкіл еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен өркендеуге ортақ жауапкершілік арқалау – Қазақстан-Ресей ықпалдастығының негізгі мәні деген пікірмен келіспеске болмайды. Қазақстан тарапына айтылған жылы лебіздер мен елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға берілген жоғары баға үшін шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс барлық бағытта қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ тараптар сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты